Жарнамалық акциясын өткізу ережелері

                  

 

Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының аумағында «Pepsi Промо 2017» (Бағыңды сына, ұтып ал!) Жарнамалық акциясын өткізу ережелері (әрі қарай – «Ережелер»).

 

1-БӨЛІМ. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ҚҰҚЫҚ БЕРЕТІН ӨНІМДЕР МЕН ТАУАР БЕЛГІЛЕРІ

1. «Pepsi», «7Up», «Mirinda» сауда белгілері атынан Қазақстан Республикасының аумағында «Pepsi Промо 2017» Жарнамалық акциясын ұйымдастырушы (әрі қарай – Жарнамалық акция) Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Райымбек д-лы, 212Б мекен-жайындағы «RG Brands Kazakhstan» ЖШС (әрі қарай – Ұйымдастырушы деп аталады), ал Қырғызстан Республикасының аумағында «RG Brands Қырғызстан» ЖШС болып табылады.

 

Жарнамалық акцияға қатысу үшін қақпақ ішінде бөтелкенің суреті мен бірегей Коды бар арнайы сары түсті пластик қақпақтары бар (әрі қарай «Қақпақтар») сыйымдылығы 0,5 литр және 1 литр пластик бөтелкелердегі «Pepsi», «7 Up», «Mirinda» тауар белгілерінің «RG Brands Kazakhstan» ЖШС өндірген сусындарын сатып алу қажет. Жүлдені/Жүлделерді алу үшін көрсетілген барлық Қақпақтарды Ұйымдастырушы түпнұсқалылығына тексеруі мүмкін. Қақпақтардың түпнұсқалылық мәселесі бойынша дау туындаған жағдайда, Ұйымдастырушының шешімі ақырғы шешім болып табылады.

Жарнамалық акция осы Жарнамалық акцияға қатысу шарттары мен оны өткізу ережелеріне сәйкес өткізіледі.   

 

2-БӨЛІМ. ҰТЫС СИМВОЛДАРЫ ЖӘНЕ ҰТЫС ОЙЫНЫНЫҢ ЖҮЛДЕЛЕРІ

2. Қақпақтың ішкі жағынан сегіз әріптерден (тек латын әріптерінен) және сандардан тұратын бірегей кодты табыңыз (әрі қарай – «Код»), өз мобильді телефоныңыздан 7775 қысқа нөміріне табылған коды бар SMS-хабар жіберу арқылы оны тіркеңіз немесе кодты www.pepsi.kz сайтында немесе «Dream club» мобильді қосымшасы арқылы тіркеуге болады. Әр кодты тек бір рет қана тіркеуге болады.  

 

2.1. Өз кодын SMS-хабарлама арқылы тіркеген Ұтыс ойынының қатысушысына 7775 нөмірінен қатысушы кодының тіркелгенін растайтын жауап SMS-хабар жіберілуі мүмкін. Кодты смс арқылы тіркеу құны Қазақстан абоненттері үшін 7 теңгені, Қырғызстан абоненттері үшін 1 сомды құрайды. Кодтарды pepsi.kz веб-сайты және «Dream club» қосымшасы арқылы тіркеу тегін.

 

2.2. Жарнамалық акцияны өткізудің жоғарыда белгіленген кезеңі басталғанға дейін және аяқталған соң тіркеуге жіберілген Кодтар, сондай-ақ қайта тіркеуге жіберілген Кодтар қабылданбайды. Ұйымдастырушы Кодтарды қабылдауды тоқтату немесе оларды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлауға құқылы, бірақ міндетті емес.     

 

БАС ЖҮЛДЕ:

2.3. Бас жүлде – BMW маркасының 3-ші серия үлгісіндегі автомобилі, Қазақстан Республикасының аумағындағы және Қырғызстан Республикасының аумағындағы жалпы саны 5 дана. Автомобильдер ұтыс ойыны келесі мерзімдерде өтеді:

1 Кезең - 1-ші автомобиль 15 маусым 2017,

2 Кезең - 2- ші автомобиль 01 шілде 2017,

3 Кезең - 3- ші автомобиль 15 шілде 2017,

4 Кезең - 4- ші автомобиль 01 қыркүйек 2017,

5 Кезең - 5- ші автомобиль 15 қыркүйек 2017.

Ұйымдастырушы Жарнамалық акция басталғанға дейін де және Жарнамалық акция кезеңінде де ұтыс ойындарының күнін өзгертуге құқылы. Автомобильдер ұтыс ойынын өткізетін комиссия қажет болған жағдайда тиісті күні жеңімпазды ауыстыруға мүмкін болу үшін әр ұтыс ойынға үш баламалы жеңімпаздардың біреуін анықтау құқығын өзіне қалдырады. Алайда, Ұйымдастырушы да, Жеңімпаздарды анықтауға қатысатын қандай да бір тұлғалар да комиссияның осындай баламалы жеңімпаздар тізіміндегі Қатысушылардың аттарын атауға міндетті емес.

 

2.4. Ұтыс ойынының Бас жүлделерінің жалпы саны көбейтілуі мүмкін емес. Бас жүлделердің жалпы саны Жеңімпаздарға үлестірілгеннен кейін, кез келген басқа Қатысушылардың Бас жүлделерге қатысты талаптары қабылданбайды. Ешбір жағдайда да Ұтыс ойынының бірде-бір Жүлдесі оның құнының ақшалай баламасына айырбасталмайды.

 

2.5.  2.3-тармақта көрсетілген жоғарыда баяндалған күндерге сәйкес жүлделердің ұтыс ойынын өткізу арнайы бағдарламалық платформа көмегімен жүзеге асырылады. Кездейсоқ таңдау арқылы үш кез келген нөмір таңдалып алынады және реттілік бойынша алғашқысы жеңімпаз болып табылады. Егер 2 күн ішінде нөмір (иесі) Ұйымдастырушы тарапынан шалынған қоңырауларға (күн сайын 3 рет қоңырау шалынады) жауап бермесе, онда реттілік бойынша 2-ші нөмір автоматты түрде (жеңімпаз) атанады. Егер қатысушыға жүлде беріліп қойған жағдайда, онда ол келесі ұтыс ойындарына қатыса алмайды.  

 

2.6. Ұйымдастырушы кодтарды кодты тіркеудің сәтсіз әрекеттері орын алатын автоматты іріктеуден қорғау бойынша бірқатар шараны қосымша жүзеге асырады, ол үшін кодты табудың 20 (жиырма) сәтсіз әрекетінен кейін Ұйымдастырушы IP-мекен-жайды қара тізімге енгізеді.   

 

2.7. Автомобиль ұтыс ойыны бойынша Жарнамалық акцияға Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасында тұратын 18 жасқа толған барлық тұлғалар қатыса алады. «Pepsi» 1 литр тегін сусынын алу үшін 14 жастағы кәмелетке толмаған тұлғалар да қатыса алады.

 

2.8. Келесі тұлғалар автомобиль ұтыс ойынының қатысушылары бола алмайды және олардың оған қатысуға құқықтары жоқ:

Ұйымдастырушы өкілдері және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ барлық үлестес компаниялардың, Жарнамалық акцияның нәтижесіне ықпалын тигізуге немесе оларды бұрмалауға мүмкіндігі бар кез келген мүдделі тараптардың («RESMI компаниялар тобы» АҚ барлық компанияларының, «Р.Е.Т» ЖШС өкілдерінің, сондай-ақ Жарнамалық акцияны өткізуге қатыстырылған үшінші тұлғалардың) қызметкерлері.

2.9. Бас жүлденің түсі, маркасы, үлгісі және өзге де сипаттамалары жарнамалық материалдарда тек сипаттау үшін ғана пайдаланылады және өзгеше болуы мүмкін.

3-БӨЛІМ.  ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:

3.0. Жарнамалық акцияға қатысатын арнайы сары түсті пластик қақпақтары бар 0.5л. немесе 1л. «Pepsi» немесе «7Up» немесе «Mirinda» өнімін сатып ал (әрі қарай – Өнім).

3.1. Өнім Қақпақтарының астынан кодтар мен бөтелке суреттерін ізде.

3.2. Қақпақ ішінде бөтелке суреті бар 2 сары қақпақты өзіңнің қалаңдағы Жүлделер Беру Орталықтарында (әрі қарай ЖБО) жүлделі 1л. Pepsi өніміне айырбаста.  

3.3. www.pepsi.kz сайтындағы «Кодты тірке» бөлімінде, сондай-ақ DreamClub мобильді қосымшасында немесе 7775 нөміріне немесе WhatsApp арқылы +77017617775 нөміріне промо коды бар смс жіберу арқылы, бос орын қалдыру арқылы КОД АТЫ ТЕГІ ҚАЛАСЫ көрсете отырып, Қазақстанның ұялы байланыс операторлары үшін (смс құны 7 теңге) және Қырғызстанның ұялы байланыс операторлары үшін (смс құны 1 сом), кодтарды тегін тірке.     

 

3.4. www.pepsi.kz сайтында тіркеу кезінде келесі жолдар толтыруға міндетті болып табылады:

  • ұялы телефон нөмірі;
  • аты;
  • тегі;
  • жынысы;
  • туған күні;
  • қаласы;
  • қатысушының Жарнамалық акция шарттарымен келісуі;
  • e-mail.

3.5. Жарнамалық акция 2017 жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасында өткізіледі.

3.6. Жарнамалық акцияға Ұйымдастырушы өнімдерінің келесі түрлері қатысады: арнайы пластик Қақпақтары бар сыйымдылығы 0,5л; 1л пластик бөтелкелердегі «Pepsi», «7UP», «Mirinda».

3.7. Жарнамалық акцияда жүлделердің келесі түрлері ойнатылады (әрі қарай бірге Жүлделер деп аталады):

 

  • Бөтелке суреті бар әр 2 (екі) Қақпақ үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы және Қырғызстан Республикасының аумағындағы Қатысушы ЖБО жүлде (1л «Pepsi» бөтелкесін) алады. Ұтыс ойынға барлығы бір миллион 1л «Pepsi» бөтелкесі бөлінеді.  
  • Бас жүлде 3-сериялы BMW автомобилі, Қазақстан Республикасының аумағындағы және Қырғызстан Республикасының аумағындағы саны 5 дана.

 

4-БӨЛІМ.  ЖҮЛДЕЛЕР ҰТЫС ОЙЫНЫНЫҢ ӘДІСІ:

4.0. Жүлделер ең аз саны 1 бөтелкеден бастап (2 қақпақ үшін) ең көп саны 1 қатысушы үшін 36 бөтелкеге дейін беріледі. Айырбас ЖБО жүзеге асырылады.

4.1. Бас жүлде Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының қатысушыларына арналған 5 данадағы 3-сериялы BMW көлігі.

4.2. Бас Жүлделерді ұтып алған Қатысушыларды анықтау (әрі қарай – «Жеңімпаздар»), ұтып алған Кодтарды тіркелген Кодтар арасынан кездейсоқ іріктеу арқылы анықтайтын арнайы компьютерлік бағдарламаны пайдалана отырып, 2.3-тармақта көрсетілген мерзімде жүргізілетін болады. Әр Автомобильдің  Ұтыс ойынын өткізу үшін Кодтарды жіберушілер арасынан өз Жеңімпазы анықталатын болады, бұл ретте Автомобиль Ұтыс ойынының алдыңғы Кезеңдерінде тіркелген Кодтар кейінгі Кезеңдерге қатыса алмайды. Бас Жүлделердің Жеңімпаздарын анықтау құрамы Ұйымдастырушының ең кемінде бір өкілінен, техникалық платформа өкілінен және нотариустан тұратын комиссияның қатысуымен өткізілетін болады. Бас жүлделердің әр ұтыс ойынының нәтижелері бойынша Жеңімпаздарды анықтауға қатысқан комиссия мүшелері хаттамаға қол қояды. Кезекті ұтыс ойынының хаттамасындағы комиссия мүшелерінің қолдары нотариуспен куәландырылады.

4.3. Бас жүлденің Жеңімпазы ретінде 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған немесе әрекет етуге қабілетсіз тұлға немесе қабілеті шектеулі тұлға жарияланғанын Ұйымдастырушы білгеннен кейін, ол тұлға тез арада Жеңімпаздар тізімінен шығарылады және Бас жүлдені алу құқығы балама жеңімпаздардың біреуіне берілуі мүмкін.

4.4. Ұйымдастырушы тіркелген Кодтары бар Қақпақты/Қақпақтарды көрсетуді және/немесе Коды бар жіберілген SMS көрсетуді сұрауға құқылы. 

 

 5-БӨЛІМ. ЖҮЛДЕЛЕРДІ БЕРУ:

5.0. Қатысушылардың ЖБО беретін жүлделі өнімді, атап айтқанда 1л.  «Pepsi» алу тәртібі www.pepsi.kz сайтында қосымша орналастырылатын болады:

      

5.1. Қатысушылардың Бас жүлдені алу тәртібі:

5.5. Бас жүлде азаматтық-құқықтық мәміле негізінде Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби д-лы, 107, Жароков к-сінің қиыл. орналасқан Бавария Автоорталығында берілетін болады, жүлденің түрін Ұйымдастырушы анықтайтын болады. Автомобильді алу сәтінде уәкілетті мемлекеттік органдарда Автомобильді рәсімдеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған кез келген төлем Жеңімпаз есебінен төленеді. 

5.6. Ұтыс ойынға Қатысушылардың Жарнамалық акцияға қатысуларына байланысты ұшырайтын қандай да бір шығындарымен ғана шектеліп қалмай, сонымен қатар Жедел желі телефондарының нөмірлеріне қоңырау шалу, www.pepsi.kz сайтына кіру салдарынан болатын шығындары, Алматы қ. дейінгі көлік шығындарына және Алматы қ. тұруларына байланысты Жүлдені/Жүлделерді алу, Жүлдені/Жүлделерді алу және/немесе осы Қатысушылардың Ұтыс ойынына қатысуына байланысты Ұйымдастырушыға немесе Ұйымдастырушының аймақтық бөлімшелеріне баруына қатысты шығындары үшін Ұйымдастырушы жауапты болмайды.

5.7. Жүлделер саны шектеулі. Егер Жүлделер Жарнамалық акцияның аяқталу күніне дейін бітіп қалған жағдайда, Жүлделерді беруді тоқтату құқығын Ұйымдастырушы өзіне қалдырады.

5.8. Жеңімпазға автомобильті беру мерзімін Қазақстан Республикасының аумағына автомобильдердің келу мерзіміне сәйкес Ұйымдастырушы анықтайды.  

5.9. Автомобильдерді сатуға және айырбастауға болмайды.

5.10. Автомобильдің үлгісін немесе брендін өзгерту құқығын Ұйымдастырушы өзіне қалдырады.

5.11. Жүлделерді алуға үміткер Жарнамалық акцияның қатысушылары Жүлделерді алу үшін Ұйымдастырушы ұсынатын барлық қажетті құжаттарды толтыруға және оларға қол қоюға міндеттенеді.

5.12. Жүлдеге меншік құқығы оны алған сәтте тиісті Жүлдені ұтып алған қатысушыға өтеді. Сол сәттен бастап Жүлдені жоғалтып алуға, оған иелік етуге және билік етуге байланысты тәуекел үшін Ұйымдастырушы жауапты болмайды.   

5.13. Жүлделер Жарнамалық акцияның қатысушыларына тек осы ережелерге сәйкес беріледі. Жарнамалық акцияны өткізуге және Жүлдені алуға байланысты даулы мәселелер туындаған жағдайда, Ұйымдастырушының шешімі ақырғы шешім болып табылады. 

5.14. Жүлделерге қатысты барлық наразылықтарды Қатысушы Жүлдені берген жүлделер беру орталығында Жүлдені алған сәтте білдіруі қажет. Егер жүлдені алу орталығында Жүлдені алған сәтте қатысушы Жүлдеге қатысты қандай да бір наразылық білдірмесе, қатысушы Жүлдені тиісті күйінде, кемшіліксіз қабылдады деп есептеледі.

5.15. Жүлденің жалпы саны Жүлделерді ұтып алған қатысушыларға үлестірілгеннен кейін, кез келген өзге тұлғалардың қандай да бір Жүлделерге қатысты талаптары қабылданбайды.

5.16. Жеңімпаздардың аттары мен фотосуреттерін, бейнежазбаларын жарнамалық мақсаттарда пайдалану, Жарнамалық акцияны ұзарту, Жүлделер санын/беру рәсімін өзгерту және Жарнамалық акция мен оның өткізілу тәртібі туралы қосымша ақпаратты жариялау құқығын Ұйымдастырушы өзіне қалдырады.

5.17. Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған Жүлделерге қатысты барлық міндетті салықтарды төлеу бойынша міндеттемені қажет болған жағдайда Ұйымдастырушы өз мойнына алуға құқылы.  

5.18. Қатысушының тиісті Жүлдені алу сәтінде Ұйымдастырушыға жеке куәлігінің және/немесе төлқұжатының түпнұсқасын/көшірмесін көрсетпеуін, қатысушының Жүлдені алу мүмкіндігінің болмауын және қатысушының кесірінен туындаған қандай да бір себептер бойынша Жүлдені алмауын Ұйымдастырушы Жүлдеден бас тартуы ретінде қарастыратын болады, ол үшін Ұйымдастырушы жауапты болмайды.

5.19. Жүлделерді ұтып алған қатысушылар Жарнамалық акцияға қатысқаны туралы жарнамалық сұхбат беруге, соның ішінде радио және теледидар арқылы, сондай-ақ өзге де бұқаралық ақпарат құралдарына немесе графикалық жарнамалық материалдар жасау үшін түсірілімге түсуге, ол үшін Ұйымдастырушыға қандай да бір сыйақы төлемейді. Осындай сұхбаттар мен өзге материалдарға берілетін барлық авторлық және сабақтас құқықтар сәйкесінше шектелмеген мерзімге және аумағы шектелмеген Ұйымдастырушыға тиесілі болады.

5.20. Қосымша ақпаратты сондай-ақ жедел желі телефондары арқылы алуға болады. Қазақстан үшін –7775 және Қырғызстан үшін 8 800 100 77 75. 

5.21. Өткізілетін Жарнамалық акция тәртібімен және шарттарымен ғана шектеліп қалмай, сонымен қатар, Жарнамалық акцияның өткізілу мерзімі, берілетін жүлделер, берілетін жүлделердің саны және Жарнамалық акцияны өткізудің кез келген өзге де шарттары өзгерген жағдайда, Жарнамалық акцияның өткізілу кезеңінде www.pepsi.kz сайтында қосымша ақпаратты жариялау құқығын Ұйымдастарушы өзіне қалдырады.  

5.22.  SMS жіберу немесе сайтта тіркеу қатысушының Жарнамалық акция шарттарымен толық келісетінін, Ұйымдастырушыдан, соның ішінде SMS, Whatsapp немесе электрондық пошта арқылы ақпараттық хабарламалар алуға келісетінін білдіреді, сондай-ақ Қатысушы өз жеке деректерін беруге, Ұйымдастырушының және/немесе ол уәкіл еткен тұлғалардың деректер базасында өңдеуіне, сақтауына және пайдалануына және Ұйымдастырушы және/немесе ол уәкіл еткен тұлғалар өткізетін барлық акциялар аясында әрі қарай да пайдалануына өз келісімін береді. Бұл ретте қатысушы 7775 қысқа нөміріне STOP сөзі бар SMS жіберу арқылы Ұйымдастырушыдан ақпараттық хабарламалар алудан бас тарта алады.  

5.23. Бас жүлде жеңімпазы брендтелген 3-сериялы BMW автомобилімен жүруге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарын сақтауға міндетті.

 

ҰТЫС ОЙЫНЫНА ҚАТЫСА ОТЫРЫП, СІЗ ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ МӘТІНІН МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫП, ОНЫ ТҮСІНГЕНІҢІЗБЕН АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ КЕЛІСЕСІЗ ЖӘНЕ ҚАНДАЙ ДА БІР ШЕКТЕУЛЕРСІЗ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРСІЗ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ШАРТТАРЫМЕН ЖӘНЕ БАПТАРЫМЕН СӨЗСІЗ КЕЛІСЕСІЗ. 

 

6-БӨЛІМ.     БЕЙСТАНДАРТ ҚАҚПАҚТАР МЕН

ӨНДІРІСТІК АҚАУЛАРЫ БАР ҚАҚПАҚТАР

 6.1. Қате және/немесе өзге қателік және/немесе қақпақтың және/немесе оның тығыздауышының  өндірістік ақауы және/немесе Қақпақта болатын өзге де зақымдану немесе қандай да бір себептермен, соның ішінде қақпақтың зауыттық ақауынан туындаған кодтың анық еместігі үшін, сондай-ақ Ұтыс ойынының Қатысушылары қосылған мобильдік желілерде немесе Интернет желілерінде орын алуы мүмкін техникалық және технологиялық қателіктер үшін Ұйымдастырушы, «PepsiCo, Inc.», олардың жергілікті өкілдері, дистрибьюторлары/дилерлері, Ұтыс ойынын өткізуге қатысатын сауда орындары, жарнамалық агенттіктер және Ұтыс ойынымен байланысты өзге де агенттіктер, Ұйымдастырушының аймақтық бөлімшелері, сондай-ақ жоғарыда аталған тұлғалардың қайсысының болса да үлестес тұлғалары, бірге болсын, жекелей болсын, ешқандай да жауапкершілікті өз мойындарына алмайды.

6.2. Техникалық платформа ұйымдастырушылары Ұтыс ойынына техникалық қолдау көрсетуді, соның ішінде Ұтыс ойынының өткізілу барысында Қатысушылардан SMS-хабарлар алуды және жауап SMS-хабарлар жіберуді, SMS-хабарлар арқылы тіркелген барлық кодтарды есептеуді және Бас жүлделер ұтыс ойынына қатысатын Қатысушылардың күн сайынғы тізімін жасауды, Бас жүлде ұтыс ойынын ұйымдастыруды және оны өткізуді, Ұтыс ойынын өткізу барысында  туындайтын техникалық сипаттағы барлық мәселелерді шешуді және реттеуді, ұялы байланыс операторларымен өзара әрекетті жүзеге асыруды және т.с.с. жүзеге асырады және осылар үшін жауапты болады.

 

7-БӨЛІМ. ЖҮЛДЕЛЕР БЕРУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

7.1. Қақпақтарды 1 литр «Pepsi» сусынына айырбастауға қатысуға келісім берген дәстүрлі бөлшек сауда орындары ЖБО болып табылады. 

7.2. ЖБО 1 литр «Pepsi» сусыны болған кезде ғана қақпақтарды айырбастауы қажет.

 

 

 

RG Brands Kazakhstan

Chief Marketing Officer

Eric Toledano           

Сбросить пароль

Твой e-mail

СОЗДАЙ СВОЙ АККАУНТ,
НАБИРАЙ БАЛЛЫ
И ЗАРАБАТЫВАЙ ПРИЗЫ

Чем больше моментов ты соберешь, тем больше баллов получишь,
и сможешь обменять их на крутые призы

Вы заработали очков

Еще раз

Ваши шансы закончились. Заработайте новые и приходите снова!

Неудача

Выигрышные варианты

Еще раз

Ваши шансы закончились. Заработайте новые и приходите снова!